+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Үлкен Алматы жолына кесілгеннен 4 есе көп ағаш егіледі

2021 жылғы 27 шілде 21:13
Бөлісіңіз:
Үлкен Алматы жолына кесілгеннен 4 есе көп ағаш егіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінде Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жүріп жатыр. Жол салу барысында ағаштар кесілуде. Кесілген ағаштар қалай қалпына келтіріледі? Бұл сұраққа аталған жолды салуға жауапты компанияның басшысы Айман Жанұзақова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімдігі 300 түп ағаштың кесілуіне байланысты түсініктеме берді

«Жобаға сәйкес біз 16 мың түп ағаш кесіледі. Бірақ, біз оны бірнеше еселеп қайтаруға міндеттіміз. Яғни 1 түп ағаш кессек, орнына 5 түп ағаш отырғызу талабы қойылды. Бізде ағаш отырғызумен қатар, экологияны жақсартуға арналған жоба бар, демек біздің міндет кесілген ағашты қайта қалпына келтірумен шектелмейді. Одан бөлек, біздің компания айналма жолдың сапасы мен күтіміне 16 жыл бойы жауапты болады», - деді «БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-ның директоры Айман Жанұзақова.

Оның айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзинттік дәлізіне қарасты аталған жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызға ие.

Бұған дейін QazAvtoJol ұлттық компаниясы АҚ Алматы облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев ҮАААЖ мемлекеттік жоба екенін және оның қашан пайдалануға берілетінін айтты.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) біріншіден, көлік кептелісі мәселесін азайтады, екіншіден қаланың басқа өңірлермен қарым-қатынасы үшін маңызды. Айналма жол Алматы қаласымен қатар, облыстың Қарасай, Іле және Талғар аудандарын байланыстырады. Жобаны уақытынан бұрын аяқтап, 2023 жылы халық игілігіне береміз деп көздеп отырмыз», - деді Б. Айтбаев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT