Үлкен Алматы каналына жеңіл көлік құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолаушы мінген жеңіл автокөлік Үлкен Алматы каналына құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 26 қарашада сағат 22:40-та болған.

«Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Жаңа жол көшесімен батыс бағытта келе жатып, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Жолда «Renault Logan» көлігіне соғылған. Соққыдан «Renault Logan» Үлкен Алматы каналына түсіп кеткен. Жол апатынан жолаушы мен жүргізуші жапа шекті. Олар медициналық мекемеге жеткізілді», - деді Алматы қалалық ПД басқарма басшысы Олжас Шәріпов.

Қазір бұл оқиғаның мән жайын Алатау аудандық ПБ анықтап жатыр.

Фото: instagram/kris_p_almaty
Соңғы жаңалықтар