Үлескер жұмыс орнына тіркеле алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пайдалануға берілмеген үйде тұрып жатқан үлескерлер өздерінің жұмыс орындарына тіркеуге тұра алады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Үлескерлік қатысу бойынша айтарым, Заңға сәйкес тіркеуге тұру үшін құқық белгілейтін құжат болуы қажет. Әрине, мен бұл Заңды өзгерте алмаймын. Өйткені, мен бұл Заңды орындаушымын. Тек айтарым, азаматтардың жұмыс орындары бойынша мекемелерде, кеңселерде, сонымен бірге медициналық мекемелерде тіркеуге тұру құқығы бар. Жалпы, үлескерлік қатысу бойынша мұндай нұсқалар өте көп», - деді Дөненбаева.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 желтоқсанында Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заңға сәйкес азаматтар тұрғылықты жерінде тіркеуге тұруға міндетті.  

Соңғы жаңалықтар