+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

2021 жылғы 20 сәуір 20:06
Бөлісіңіз:
Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ультрамарафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шайбалы хоккей: Қазақстан мен Беларусь жолдастық кездесуі өтпейтін болды Елордада шағын футболдан ҚР Президентінің суперкубогы өтіп жатыр Бүгін Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындары басталады

З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын «Қарағанды-Жаңаарқа» бағытын 35 сағат 12 минутта еңсерген болатын.

«Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицері капитан Заңғар Әлкенов Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында алғашқы болып Қазақстанның Рекордтар кітабына кіріп отыр», - деп мәлім етті ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Осы күндері әскери қызметші тағы бір ультрамарафонға дайындалуда. Бұл жолғы меже – 320 шақырым. Старт 7 мамырға жоспарланған. Марафонды GPS-навигатор арқылы онлайн режимінде бақылауға болады.

«Бәрі жақсы деңгейде өтеді деп ойлаймын. Егер бұл марафон мен үшін табысты болса, келесі жылы Қарағанды - Алматы бағыты бойынша 1 000 шақырым жүгіруді жоспарлап отырмын», - дейді Заңғар Әлкенов.

Айта кетейік, З.Әлкенов қазақ күресінен спорт шебері, дзюдодан спорт шеберіне үміткер. 2012 жылы жарақат алғаннан кейін жекпе-жек өнерін ұзақ қашықтыққа жүгіруге алмастырды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT