ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері «Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30-жылдығына орай» бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап хабаарлайды.

ҰҚШҰ құрамындағы алты елдің бірлескен мәлімдемесінде Семей ядролық полигонын өз Жарлығымен 30 жыл бұрын жапқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше атап өтілді.

Министрлер атап өткендей, бұндай тарихи қадам ядролық сынақтарды өткізуге жан-жақты тыйым салу идеясын ілгерілету жолындағы маңызды кезең болды. Құжатта Семей ядролық полигонының жабылуы бүкіл әлемдегі ядролық сынақтарға мораторий қою жөніндегі халықаралық іс-қимылға және 2006 жылы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақты құруға алдын ала шарты болғаны баса айтылды.

Семей полигонының жабылуы уақытынан бастап оның аумағы мен іргелес аумақтарын қалпына келтіру, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қалпына келтіруге бағытталған Қазақстанның ауқымды жұмысы атап өтілді. Ядролық таратудың қауіпін жою мақсатында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен және Америка Құрама Штаттарымен бұрынғы полигон аумағында жүзеге асырған бірлескен жобаларының маңыздылығы баса айтылды.

Құжатта 2020 жылғы желтоқсанда қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының «Қазақстандағы Семей аумағының тұрғындарын оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық» атта қарарына қолдау білдірілді. Сондай-ақ Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енгізу мақсатына Ұйым елдерінің беріктігі атап өтілді.

Жалпы, ҰҚШҰ елдері ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар