ҰҚШҰ миссиясы: Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін өзге елдер де қолдана алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұндай пікірді РФ Мемлекеттік думасы ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан байқаушылар миссиясының мүшесі Умахан Умаханов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше 49 сайлау учаскесінде болдық. Бірде-бір заң бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қазақстандық тарап қорғаныс заттарын ұйымдастырып, қолғап, маска таратты. Антисептикалық заттармен зарарсыздандырып отырды. Осынау күрделі уақытта Қазақстан сайлауды қалай ұйымдастырғанын көрдік және өзге елдер де қазақстандық тәжірибені қолданады деп ойлаймын», - деді ол.

РФ Федералды жиналысы Федералды кеңесінің Халқаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, жоғарыда аталған миссия мүшесі Баир Жамсуев те Қазақстандағы сайлаудың жоғары деңгейде өткендігін айтады.

«Кеше біз барлық саяси партияның штабтарының өкілдерімен кездестік. Сайлау комиссияларының жұмысына, мемлекеттік билік органдары тарапынан сайлауалды науқан жұмысына араласуға қатысты бірде-бір шағым естімедік. Сондықтан да біз жұмысымыздың қорытындысы бойынша соңғы мәлімдемемізде бірде-бір заң бұзушылықты немесе шағымды атап өте алмадық. Миссиямыз сайлаудың сайлау туралы Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен халықаралық нормаларды қатаң сақтай отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті деп бағалайды»,- деді Баир Жамсуев.


Соңғы жаңалықтар