ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі сессиясында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясы барысындағы талқылау кезінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін шағын құрамдағы отырыстың қорытындысына тоқталып өткім келеді. Біз сындарлы және сенімгерлік тұрғыда күн тәртібіндегі тақырыптардың кең шоғырын талқыладық. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты өзекті проблемалар бойынша ашық пікір алмасу жүргіздік. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді. Сонымен қатар, сессияаралық кезеңдегі ұйым қызметінің негізгі қорытындыларын да талқыладық. Қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылданды. Алдағы жылға атқарылатын қызметтің өзекті бағыттары айқындалды. Қырғыз Республикасының төрағалығы аясында ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін көтеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді», - деді С. Жээнбеков ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ҰҚШҰ-да дағдарыстық іс-қимыл жасау орталығын құқықтық рәсімдеу аяқталып, әскери, әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалды.

«Бұл ретте ірі оқу-жаттығулар өткізілді. Нәтижесінде ҰҚШҰ-ға мүше елдер қарулы күштері іс-қимылдарының үйлесімдігіне қол жеткізіліп, олардың жауынгерлік даярлығы артты», - деді Қырызстан Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымындағы төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтті.

Соңғы жаңалықтар