Украинаның жоғары оқу орындарына 40 грант ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 40 грант ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Украина үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау уақыты 2020 жылғы 5 ақпанға дейін создырылды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігімен келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды», делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтарына 40 грант ұсынылады. 30-ы «бакалавр» оқу дәрежесі бойынша, 10-ы «магистр» оқу дәрежесі бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Оқу украин тілінде жүргізіледі. Грант бойынша оқу тегін, жатақханадан орын беріледі, ай сайын стипендия төленеді, украин тілінде курс оқытылады.


Соңғы жаңалықтар