Украинадан табылған маңғыстаулық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Украинаның іздеушілер тобы Житомир қаласының аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан Кеңес жауынгерлерінің сүйегін тапты. Олардың ішінде Маңғыстау облысының тумасы Сейд Тойнашев бар. Жауынгердің мүрдесі туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес жауынгерінің сүйегін қарсы алу рәсімі Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент ғимаратының алдында өтті.

Кейін туған-туыстары «Ақтау- Ералы» тасжолының 20-шақырымында орналасқан «Қожа - Ата» зиратында арулап жерледі.

Сейд Тойнашев 1922 жылы Маңғыстауда дүниеге келген.

«Жақында Жеңістің 75 жылдығын атап өттік. Бүгінгі таңда елімізде бірнеше мың соғыс ардагері қалды. Ал, біздің өңірде барлығы 7 ардагер бар. Басқа мемлекеттердің елшіліктерімен, жергілікті органдардың іздеу жасақтарымен бірлесіп, бүгінгі таңда сарбаздардың сүйектері табылып, қайта жерленуде. Алдағы уақытта да іздеу жұмыстары жүргізіле береді», - деді Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Мақсат Тастанов.


Соңғы жаңалықтар