Украинада өртенген қонақ үйде 9 адам мерт болды

None
None
ОДЕССА. Укринформ - ҚазАқпарат – Одесса қаласындағы «Токио Стар» қонақүйіндегі өрттен құрбан болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Нақтыланған ақпарат бойынша 17 тамызда сағат 14:12-де тергеу жүргізу барысында өрт болған жерден 9 адамның денесі табылды», - делінген Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 17 тамызға қараған түні Одесса қаласындағы «Токио Стар» қонақ үйінде өрт шығып, сегіз адам құрбан болған, тоғыз адам ауруханаға жеткізілген. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ғимараттан барлығы 150 адам эвакуацияланды.
Соңғы жаңалықтар