Украинада Лениннің ескерткіші 10 мың долларға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның батысында Закарпатск облысының Чоп қаласында Владимир Лениннің ескерткіші аукционда 10 мың долларға сатылды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Украинада алғаш рет Лениннің мүсіні қойылған аукцион өтті. Саудаға тек бір адам ғана қатысып, нысанды бастапқы бағаға сатып алды. Қала бюджеті 253,9 мың гривенге (9,35 мың долларға жуық) толықты», - делінген  қала мэрінің хабарламасында. 

null

Соңғы жаңалықтар