Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ - ҚазАқпарат – Украинада 25 маусымдағы жағдай бойынша 40 008 адамнан COVID-19 табылған, бір тәулікте 994 жаңа жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинформға сілтеме жасап.

Бұған Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қызметі Коронавирус таралуының мониторинг жүйесі деректері дәлел болып отыр. Оған сәйкес, бір тәулікте 16 адам қайтыс болса, 349 адам емделіп шыққан. Украинада эпидемия басталған уақыттан бастап 1067 адам COVID-19-дан қайтыс болып, 17758 адам емделіп шықты.


Соңғы жаңалықтар