Украинада қаруланған ер адам жолаушыларды тұтқынға алып, автобусты жарып жіберемін деп қорқытуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинаның Луцк қаласының ортасында ер адам ішінде жолаушылар отырған автобусты тұтқынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат УКРИНФОРМ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Луцк қаласының ортасында белгісіз ер адам автобус жолаушыларын тұтқынға алып, автобусты жарып жіберем деп қорқытып отыр. Бұл туралы ол полицияға 21 шілде күні хабарлады. Қылмыскер қолында граната мен басқа да автоматты қару бар екенін айтқан», - делінген хабарламада.

«Жағдай қадағаланып отыр. Қала орталығы жабылды, ешкім зардап шекпес үшін ол жерге адамдарды жібермеуге тырысып жатырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жағдайға түсіністікпен қарап, жақын бармауын өтінеміз», - деп атап өтті Ұлттық полицияның Волын облысындағы бас басқармасының бастығы Юрий Крошко.

Оның айтуынша, автобусты тұтқынға алған адам жүйеге қарсы наразылығын осылай білдіріп отыр. Ер адам өз талаптарын Твиттерде жариялаған, ал полицейлер қазіргі кезде оның парақшасына мониторинг жүргізіп, оған телефон шалуға әрекеттеніп жатыр.

Қандай қарудан оқ атылғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Крошко бұл арнайы оқу-жаттығу емес екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар