+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Украинада карантин 30 сәуірге дейін ұзартылды

2021 жылғы 18 ақпан 08:56
Бөлісіңіз:
Украинада карантин 30 сәуірге дейін ұзартылды

КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Украинаның Министрлер кабинеті елде 30 сәуірге дейін бейімделген карантин белгілеу, эпидемиялық қауіптің 4 деңгейін және оларды анықтау көрсеткіштерін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Украинаның денсаулық сақтау министрі Максим Степанов үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асты Бейжіңде 10 млн адамға коронавирус вакцинасы салынды

«Біз ел аумағында карантин мерзімін 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғастыруды ұсынамыз. Біздің есептеуімізше, 30 сәуірге дейін карантинде өмір сүруіміз керек. Эпидемиялық қауіп деңгейлерін енгізе отырып, Украина аумағында бейімделген карантин орнатуды, 4 деңгейге бөлуді ұсынамыз: жасыл, сары, қызғылт сары және қызыл»,- деді Степанов.

Степановтың айтуынша, жасыл деңгей – карантиндік шектеулерді қайта қарау немесе алып тастау мәселелерін қарастыру үшін қажетті көрсеткіш.

Қазір бүкіл ел үшін бастапқы деңгей ретінде белгіленген сары деңгейде, елде 8-25 қаңтарда қатаң карантин жарияланғаннан кейін қайта оралған шектеулер бар. Қазір Степановтың айтуынша, бірқатар жеңілдік жасалған: бір адам үшін 4 шаршы метр аумақ немесе залдардың 50%-ға толуы қамтамасыз етілсе ғана бұқаралық, мәдени, спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. 20-дан астам адамнан тұратын топтарға білім беру мекемелеріне баруға рұқсат етіледі. Спорттық командалық ойындарды жанкүйерлермен өткізуге рұқсат етіледі, бірақ орындар санына шектеу қойылады.Қоғамдық тамақтану орындарына 24 сағатқа дейін (бұрын - 23-ке дейін) жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Степановтың айтуынша, қызғылт сары деңгейде қосымша карантиндік шектеулер жоқ.

Қызыл деңгейде қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі.

Қаулы бір күн мерзімде пысықталып қабылданды.

Степанов Министрлер Кабинеті таңдаған COVID-19-мен күресу стратегиясы украиндықтардың өмірін сақтауға көмектесті деп санайды.

Оның айтуынша, Украина қазір 1 миллион тұрғынға шаққанда COVID-19-дан болған өлім саны бойынша Еуропада 34-ші орында тұр.

17 ақпандағы жағдай бойынша Украинада коронавирус жұқтырудың 1 280 904 жағдайы расталған. Оның 4286-сы соңғы тәулікте анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT