Украинада карантин 22 мамырға дейін ұзартылды

None
None
КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат – Украинада карантин 22 мамырда аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті 4 мамырда шыққан №343 қаулының мәтінін жариялады. Онда шектеу шаралары 22 мамырға дейін созылатыны айтылған.

Дегенмен, министрлер кабинеті мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының жұмысына қажетті шараларды өткізуге, жаттығу жасауға (жүгіру, жаяу жүру, велосипед тебу, мәнерлеп сырғанау, мүгедек арбасында отырған спортшылардың қозғалысы), ұлттық құрама команда спортшыларының оқу-жаттығуына рұқсат беріп отыр. Алайда әр адам маска, респиратор секілді қорғаныс құралдарын киіп, тиісті санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды сақтауы тиіс.

Сондай-ақ үкімет халыққа сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуге, тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы музейлердің жұмысына мүмкіндік берді. Тек ірі сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.

Сонымен қатар нотариус, адвокат, аудиторлар мен психологтардың қызметіне, стоматологиялық көмек көрсетуге рұқсат етілген.



Соңғы жаңалықтар