Украинада бірінші рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

None
None
КИЕВ. Укринформ - ҚазАқпарат -Украинада коронавирустан бірінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинадағы Житомир облысының тұрғыны, 71 жастағы әйел қайтыс болған. Ол 12 наурыз күні аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын. Қазіргі уақытта кейуанамен күнделікті қарым-қатынаста болған туыс-туғандары, жақындары дәрігерлердің бақылауына алынған.

Бұл жайында Украина денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында мәлім еткен.


Соңғы жаңалықтар