Украина карантиндік шектеулерді 2021 жылғы ақпанның соңына дейін ұзартты

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украинаның министрлер кабинеті елдегі карантин режимін 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартты. Тиісті қаулы 9 желтоқсан күні Үкімет отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ сайтына сілтеме жасап.

«Ел аумағындағы тиісті карантиндік шектеулерді 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартуды ұсынамыз. Онымен қоса, әлі де күшін жоғалтпаған төтенше жағдай режимі, сондай-ақ 28 ақпанға дейін ұзартылады. Біз ұсынып отырған шектеулер еліміздің бүкіл аумағы еніп отырған «қызғылт сары аймақ» шектеулеріне сәйкес келеді», - деді Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов.

Ұсынылып отырған өзгерістерге тоқталсақ: қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін ұзартылады. Алайда, есеп айырысу операциялары 22.00-де тоқтатылады.

Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану дәстүрлі түрде артатыны ескеріле отырып, 8 қаңтар сағат 00.00-ден бастап, 25 қаңтар сағат 00.00-ге дейін қатаң карантиндік шектеулер енгізу ұсынылған.

Жаңа жыл түнінде тамақтану орындарына түнгі сағат 01.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілмек.

Қалааралық және халықаралық жолаушылар қатынасын тоқтату жоспарланып отырған жоқ.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша, Украинада коронавирус инфекциясының 845 343 оқиғасы зертханалық түрде расталған. Соның ішінде 12 585-і соңғы тәулікте ғана анықталған.

Соңғы жаңалықтар