ҰҚК операциясы: Трансұлттық қылмыстық топ мүшесі ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті елордада қылмыстық топ мүшесін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ҰҚК «А» АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР ҚК 266-бабы («Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады. Ол Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақшалай қаражат аударумен айналысқан.

Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, 2019 жылғы 10 қыркүйекте елордада арнайы операция жүргізілген болатын, оның барысында жоғарыда айтылған топ жетекшісі мен мүшелері ойдан шығарылған қарыз есебінен қорқытып алу нәтижесінде кәсіпкерден «Toyota» маркалы автомашинаны алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталған.

Ұстау кезінде фигуранттардан «Макаров» қару пистолеті мен оған 11 патрон және 5 патроны бар травматикалық пистолет алынды.










Соңғы жаңалықтар