+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарымен кездеседі

2019 жылғы 13 қараша 12:12
Бөлісіңіз:
Үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14-16 қараша аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы іссапармен Жамбыл және Алматы облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-министр орынбасарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады Асқар Мамин Түркістанда жаңа құрылыс нысандарын аралады Мамин ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты пысықтады

Жұмыс тобының құрамына үкіметтің әлеуметтік блогының: білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылары кіреді.

Өңірлерде жұмыс тобының мүшелері жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен, жастармен кездеседі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды, сондай-ақ аудандарды аралап, көптеген мәдени іс-шараларға қатысады.

Атап айтқанда, 14 қарашада Тараз қаласында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Талас құрылысы: тарих пен тағылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

15 қарашада Алматыда Республикалық жастар форумы, Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі және техникалық оңалту құралдарының көрмесі өтеді.

Ал Алматы облысына Үкіметтің жұмыс тобы 15-16 қараша күндері келеді.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Елбасының «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді ел Үкіметінің іске асыруы туралы халықты ақпараттандыру.

Осыған дейін Үкіметтің жұмыс тобының өкілдері Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарымен кездескен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT