Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтар смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет экономиканы сапалы цифрландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Интернет трафигі 2020 жылы 6 800 петабайт болса, есепті кезеңде 132 пайызға артып, 15 800 петабайтқа дейін өседі. Азаматтар смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге өсіп, 150 қызметті құрайтын болады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның атап өтуінше, жыл соңына дейін әлеуметтік қызметтердің 100 пайызы проактивті форматта берілетін болады.

«Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде биыл қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 80 пайызға дейін ұлғайтылады. Нарықта 150 жаңа стартаптар жұмыс істейтін болады. Дата-орталықтарды дамытуға 88 млрд теңге инвестицияланады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар