Үкіметтік емес ұйымдар қоғамның пікірін айқын жеткізеді - Айгүл Соловьева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева Қазақстанда үкіметтік емес үйымдардың дамуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде азаматтық қоғамды дамыту түжырымдамасы әзірленді. Осы құжат аясында дамудың кезеңдері айқындалды.

«Өмірімізде өзгерістер болып жатады және үкіметтік емес ұйымдар адамдар мен қоғамның қажеттігіне қарай дамудың түрлі нұсқаларын ұсынады. Бірінші кезеңде қалыптасу болды, яғни азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық емес әрі қоғамдық ұйымдарға қатысты түсінік беріліп, жұмыстар басталды. Екінші кезеңде мемлекет өзара серіктестікті жолға қойды. Мысалы, Елбасының қатысуымен бірінше Азаматтық форум өтіп, онда биліктің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі туралы жарияланды. Бұл тұрғыда қайырымдылық, демеушілік, меценаттық ескерілді», - деді А. Соловьева Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өткен іс-шара барысында.

Қоғам қайраткері қазіргі кезде елімізде үшінші кезең жүріп жатқанын, оның аясында қоғам әлеует пен күш-жігерін жинап, даму жолымен келе жатқанын атап өтті.

«Қоғамның дамуына қарай үкіметтік емес ұйымдар да өзгереді. Себебі олар қоғам пікірінің айқын көрінісі болады. Президент айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да осыған байланысты. Бізде құқық қорғаушы, экологиялық ұйымдар бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың қауымдастығы қызмет етіп келеді. Түрлі ұйымдар бірыңғай одаққа қосылады, яғни азаматтық альянс болып өздерінің пікірін жариялап, Мемлекет басшысына, министрлерге дейін жеткізеді. Бұл өз кезегінде ынтымақтастық жыл сайын нығайып келе жатқанын білдіріп отыр. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар қоғам өкілдерін тарта отырып, жұмыс істеп жатыр», - деді А. Соловьева.

Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өтті.


Соңғы жаңалықтар