Үкімет жыл соңына дейін Парламентке жер қатынастарын цифрландыру туралы заң жобасын беруі қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет жыл соңына дейін жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасын Парламентке беруі қажет. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысқан ҚР Президенті осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент баяндамасында еліміздің экономикасын цифрландыру қарқынын сақтауға байланысты да ерекше көңіл бөлінді.

«Жақын арада жерге қол жеткізу секілді кәсіпкерлер үшін тағы да бір маңызды мәселе шешілуі керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасын дайындады. Сондай-ақ заңда жер қатынастары мен сәулет саласында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету, жер учаскелерін беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту, мемлекеттік актіні, жерге орналастыру жобасын алып тастау және басқа да бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Үкімет жыл соңына дейін аталған заң жобасын Парламентке беруі қажет», - деді Мемлекет басшысы.



Соңғы жаңалықтар