Үкімет зейнетақы активтерін жеке басқаруға беру мәселесін қарастырып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға беру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқаруға беру. Зейнетақы активтерін берудің негізгі шарттарын Үкімет пен қаржылық қауымдастық қарастырып жатыр. Бұл қор нарығындағы институционалды сұранысты күшейтеді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастырады «, - деді Ерболат Досаев «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясында.
«Нарық қатысушыларымен бірлескен жұмыс нәтижесінде қор нарығын реттеуді жан-жақты ырықтандыру және оның инфрақұрылымын оңтайландыру жүзеге асырылды. Бұл шаралар нарықтық шығындарды азайтып, қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтті. Әлемдік тәжірибеде жеке инвесторлардың белсенді қатысуы қор нарығының одан әрі өсуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады «, - деді ҚР Ұлттық банк басшысы.
Қазір Қазақстанда 55 инвестициялық қор жұмыс істейді. Олардың активтерінің көлемі 2016 жылдың басынан бері 4 есе артып, 237 млрд теңгеге жетті. Бұл ұжымдық инвестициялау нысандарындағы инвесторлардың үлесінің артқандығын көрсетеді.
- Президенттің Германияға сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындады - Әсел Назарбетова
- Бердібек Сапарбаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады
- Қазақстанның әуе компаниялары 10 айда 7,1 млн жолаушы тасымалдаған
- Беларуське мұнай экспорттау келісіміне 2020 жылдың басында қол қойылуы мүмкін
-
Бензиннің қымбаттауы басқа қызметтердің бағасына әсер ете ме
-
Қазақстанда жыл басынан бері 82,5 млн тонна мұнай өндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам