Үкімет шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қорына, басқарушы холдингтерге бұрынғы жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырамын. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынсын«, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы басым емес жобаларды іске асыру мерзімдерін кейінге ауыстырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарау қажеттігін ескертті.

«Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 апта мрезімде ұыныстар енгізсін»,- деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар