Үкімет қырғыздың Қазақстандағы мәдени күндерін өткізуге жәрдемдесуге дайын - Премьер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды», - делінген ақпаратта.

Әлихан Смайылов екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылын жоғары бағалап, Қазақстан Үкіметінің биыл қазан айына жоспарланған Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Премьер-Министрі Қырғызстан Президентін Үкіметаралық кеңестің 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтар туралы хабардар етті.


Соңғы жаңалықтар