+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады - Премьер-Министр

2021 жылғы 12 сәуір 11:08
Бөлісіңіз:
Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады - Премьер-Министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет бизнесті қолдау бойынша кешенді шараларды іске асыру арқылы жұмысты жалғастыратын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеке кәсіпкерлік үшін қандай салық режимін таңдауға болады Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін қандай шаралар жасалды Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтық механизмдерге жол беруі керек – Тоқаев

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторында оң және тұрақты динамика байқалды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 7,5 пайыз, құрылыс 13,1 пайыз және ауыл шаруашылығы - 2,8 пайыз денгейінде тұрақты, әрі орнықты өсуде. Сонымен қатар машина жасауда 21,8%, оның ішінде автомобиль жасауда 20,7%, фармацевтикада, химия өнеркәсібінде, металлургия өндірісінде, оның ішінде түсті металл өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте, соның арасында киім өндірісінде, тамақ өнеркәсібінің өндірісінде өсімнің оң үрдісі байқалады», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар А. Мамин биылғы жылы 1 сәуірде ОПЕК+ 15 министрлік кездесуі өткенін, Қазақстан үшін онда мұнайды өндіруді тағы тәулігіне 6 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін жекелеген шарттар келісілгенін атап өтті.

«Осыған орай, жыл соңына дейін мұнай өндіру саласында оң динамика қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, өсудің оң қарқыны электр энергиясын өндіруде 4,4% пайыз және көмір өндіруде 1% пайыз деңгейінде тіркеліп отыр. Көмір өндірісінде өсу қарқыны сақталып отыр. Қызмет көрсету секторында ақпарат және байланыс саласында жоғары өсу қарқыны байқалады», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуныша, жалпы, шектеу шаралары қызмет көрсету секторының дамуын тежеуде.

«Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі кен өндіруді есепке алмағанда 34 пайызды құрады. Жалпы, біз экономиканың негізгі салаларындағы көрсеткіштердің біртіндеп жақсару үрдісін көріп отырмыз. Экономикалық белсенділікті арттыруға қосымша жағдай жасау үшін Үкімет бизнесті қолдау бойынша кешенді шараларды іске асыру арқылы жұмысты жалғастыратын болады», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT