Үкімет басшысының орынбасары Қостанайда дүкен аралап, бағалармен танысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім жиналған. Бұл мақсатта 1,2 млрд теңге жұмсалды.

«Облыста нан бағасы тұрақты. Наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін «Тобыл» кәсіпкерлік корпорациясы 300 миллион теңге бөлді. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Негізі, тұрақтандыру қорынан нан пісіретін ұнды 94 теңгеден аламыз. Ал наубайханалар бір бөлке нанды 80 теңгеден, дүкендер 80-83 теңгеден сатады», - деді өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.

Б. Сапарбаев дүкен сөрелерін қарап шығып, отандық тауарлардың сапасымен танысты.

Соңғы жаңалықтар