Үкімет басшысының орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау Үкіметтің басты міндеттердің бірі. Сондықтан сақтық іс-шараларын ұстануға шақырамыз. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Эпидемиологиялық жағдайдың одан ары қалай өзгеретіндігі өзімізге, әрқайсымызға, әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін айтқым келеді. Өкінішке орай, біз күн сайын коронавирустың салдарынан азаматтарымыздан айырылудамыз. Оны да біліп отырғандарыңыз артық болмайды. Егер халықтың басым бөлігі вакцинацияны уақытылы жасаған болса, онда бұл жағдайлардың алдын алуға болатындығына ешқандай күмән жоқ. Халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Осы жолмен жүру керектігін 1 жылдың ішінде орын алған жайт дәледеп отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, вакцина індеттен сақтанудың негізгі жолы. Одан басқа әзірше әлемде ешқандай жол жоқ.

«Сондықтан осы вакцинаны алып үлгермеген әрбір азамат, қазақстандық тез арада вакцина қабылдауы керек. Әрқайсымыз қоғам алдындағы, отбасымыз бен күнделікті араласып жүрген жақындарымыздың, әріптестеріміздің, достарымыздың алдындағы азаматтық жауапкершілігімізді іс жүзінде көрсететін уақыт жетті», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар