Үкімет басшысы медициналық маска өндірісін арттыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі қорғаныс құралдары мен медициналық маскалар өндірісін тәулігіне 1,5 млн дейін көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктер биылғы 1 қарашаға дейін тұрақтандыру қорларының көлемін бекітілген қаржылық нормативке жеткізсін, медицина ұйымдары мен дәріханаларда дәрі-дәрмекке қажеттілікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз етсін. Бұл ретте дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорларының есебінен сатып алудың нақты алгоритмі болуы қажет», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы Денсаулық министрлігі мен СҚ-Фармацияға стационарларда, әсіресе инфекциялық ауруханаларда мониторинг жүргізуді,

дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеуді тапсырды.

«Үшіншіден, Индустрия министрлігі мен отандық фармацевтикалық өндірушілер отандық қорғаныс құралдары мен медициналық маскалар өндірісін тәулігіне 1,5 млн дейін көбейтуді қамтамасыз етсін. Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақтылы сатып алуды және жеткізуді тапсырамын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының

СҚ-Фармацияның дәрі-дәрмекті сатып алу тиімділігі мен жеделдігін арттыру туралы тапсырмасы нақты орындалуы қажет», - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін Премьер-Министр Үкіметтің КВИ жаңа кезеңіне дайындық үшін барлық шараларды жасап жатқанын, биыл тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесі 3 есе өскенін баяндаған еді.



Соңғы жаңалықтар