+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Үкімет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындыларын қарады

2019 жылғы 20 желтоқсан 22:45
Бөлісіңіз:
Үкімет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындыларын қарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындыларын қарады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын орындаудың 2019 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Оның шешімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сапалы орындалуына да байланысты», - деді А. Мамин.

Бүгінде Ұлт жоспарының 100 қадамының 59 қадамы орындалып, бақылаудан алынды, 3 қадамы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр және оны Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бақылайды.

Қалған 38 қадамның іске асырылу барысы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Әлем нарықтарына шығуды қамтамасыз ету, жекеменшік медицинаны дамыту және т. б. мақсаттарда туристік салаға стратегиялық инвесторларды тарту, жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту үшін бір оператор тарту, өңдеу секторына ТҰК тарту бойынша қадамдарды іске асыру қарқынын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Үкімет басшысы Ұлт жоспарын толыққанды әрі сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT