+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

ҰЭМ экологиялық төлемнен түсетін қаражатты 100 пайыз осы салаға бағыттауды қолдады

2020 жылғы 28 қазан 11:14
Бөлісіңіз:
ҰЭМ экологиялық төлемнен түсетін қаражатты 100 пайыз осы салаға бағыттауды қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі экологиялық төлемдерден түсетін қаражатты 100 пайыз экологиялық мәселелерге бағыттау бастамасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кесілген ағаштар: Sulpak компаниясы мәлімдеме жасады ШҚО-да экологиялық мәселелерді шешудің жол картасы таныстырылды Мағзұм Мырзағалиев экология жол картасы қандай нәтижеге жеткізетінін айтты

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғаған болатын.

Заң жобасын талқылау барысында депутат Тарас Қитуов Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовқа сұрақ қойды.

«Экологиялық кодекс жобасында экологиялық төлемдерді өңірлердің жергілікті экологиялық қажеттігіне 100 пайыз бағыттау туралы нормалар бар. Айтыңызшы, бұл мәселе бойынша сіздің ұстанымыңыз қандай?» - деді Тарас Қитуов.

Бұл сұраққа жауап берген Ермек Алпысов жалпы бұл тетікті Ұлттық экономика министрлігі қолдайтынын мәлім етті.

«Жергілікті бюджетке түсетін экологиялық төлемдер жергілікті проблемаларды шешу мәселесіне бағытталуы керек. Алдын ала бюджеттік кодекске сілтеме ретінде экология кодексінде бұл мәселе қарастырылатыны жазылған», - деді ол.

Ермек Алпысовтың бұл сөзіне Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қолдау білдірді.

«Дұрыс. Бұл өте маңызды шаруа. Аз болса да, көп болса да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке түседі. Ал одан кейін ол ақша қайда, қандай мақсатқа жұмсалды – оны бір Құдай біледі. Жасыратыны жоқ, сол ақша экологиядан тыс басқа жағдайға жұмсалатыны бар. Солай емес пе? Енді осы заң жобасына сәйкес экологиялық төлемдер тек қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалатын болады. Бұл өте дұрыс әрі қажетті деп ойлаймын. Сондықтан бұл норманы қолдаймыз», - деді Нұрлан Нығматулин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT