UEFA Чемпиондар лигасы: бүгін топтық кезеңінің екінші туры басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген. Бүгін, 28 қыркүйекте А, В, C, D топтарында ойындар өткізіледі.

Бүгін жанкүйерлер негізінен «Пари Сен-Жермен» (Франция) және «Манчестер Сити» (Англия) кездесуіне көз тігеді. Алғашқы турда француздар Бельгияның «Брюгге» командасымен 1:1 тең түссе, ағылшындар Германияның «Лейпциг» командасын 6:3 есебімен сүріндірді.

Аталған ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұл топта «Лейпциг» пен «Брюгге» командалары шеберлік байқасады.

Қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде елорда уақытымен 22.35-те D тобындағы «Шахтер» (Украина) мен «Интер» (Италия), 00.50-де В тобындағы «Милан» (Италия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойындарын тамашалай алады.

Бүгін D тобындағы «Реал Мадрид» (Испания) пен «Шериф» (Молдова), В тобындағы «Порту» (Португалия) және «Ливерпуль» (Англия) кездесулері өтеді.

Тағы айта кетерлігі, елорда уақытымен 00.50-де С тобында «Аякс» (Нилерланды) пен «Бешикташ» (Түркия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Спортинг» (Португалия) ойындары болады.

Ал 29 қыркүйекте E, F, G, H топтарындағы командалар екінші тур кездесуін өткізеді.


Соңғы жаңалықтар