ҰБТ-ның алтыншы күні 129 түлектің тест нәтижесі жойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым миинстрлігі ҰБТ-ның алтыншы күнін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 маусым күні ҰБТ еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 пунктіде өтті. Тестілеуге жалпы 14 768 түлек қатысты, оның ішінде 11 223 адам - қазақ тілінде, 3 535 адам - орыс тілінде тест тапсырды.

75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ 54 түлек тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды», - делінген ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бесінші күні 133 түлек тест тапсыру құқығынан айырылды.

ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады .


Соңғы жаңалықтар