ҰБТ-ның әділ өтуі қалай бақыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді әділ өткізу үшін қандай шаралар қабылданғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде тиісті ережелердің сақталуын бақылауды тестілеу әкімшілері жүзеге асырды. Олардың жалпы саны 150 адам болды. Ұйымдастыру мәселелерін шешу және ҰБТ-ны өткізудің мониторингісін жүргізу үшін жергілікті білім беру ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен 648 адамнан тұратын өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылды. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 20 қызметкері және арнаулы мониторинг топ пен Адалдық алаңы қатарынан 14 бақылаушы қатысты», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, тестілеу өту барысына Ұлттық тестілеу орталығында орналасқан Ахуалдық орталық арқылы орталықтандырылған бақылау жүргізілді.

«Сонымен қатар әрбір тестілеу өткізу пунктінде онлайн көрсетілім ұйымдастырылды. Аталған қызмет көрсетулер тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Өйткені, әрбір орынның үстінде орнатылған камера арқылы бақыланды және тестілеудің өту барысын бақылауға ниет білдірген азамат Қазақстанның кез келген жерінен тестілеуді бақылады», - деді Қуаныш Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар