ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлерде ҰБТ өткізу ережелерінің сақталуын ЖОО қызметкерлері мен ұлттық тестілеу орталығының өкілдері бақылайды.

Сондай-ақ тестілеу барысын білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері, арнайы мониторинг тобы және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 400-ден астам өкілі бақылауда ұстайды.

Әр аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған.

Ата-аналар үшін онлайн-көрсетілім қолжетімді.



Соңғы жаңалықтар