+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ҰБТ-да заңсыз әрекетке барған талапкерлер қатаң жазаланады

2020 жылғы 7 ақпан 16:52
Бөлісіңіз:
ҰБТ-да заңсыз әрекетке барған талапкерлер қатаң жазаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов талапкерлер қандай жағдайларда ҰБТ-дан шеттетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«ҰБТ-ға смартфонмен келсе, бұл өз кезегінде адамдар оны пайдалануға ниетті екенін білдіреді. Өйткені баршасы ҰБТ ережесін жақсы біледі, тестілеуге смартфонмен, смарт сағаттармен кіруге болмайтыны ескертіледі. Сәйкесінше, ол тест қабылдайтын орынға құрылғымен кірсе, онда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», - деді вице-министр.

Бұдан бөлек ол кейбір талапкерлер өзінің орнына басқаларды тестілеуге жіберіп жататынын, бұл заңсыз әрекет жасағандарға тиісті жаза қарастырылғанын айтты.

«Егер тестілеуге өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайды. Бұл ретте осындай адамдар тұтас бір жылын жоғалтады. Мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі деп ойлаймын», - деді Мирас Дәуленов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT