ТЖМ ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың өртпен күреске дайындығын тексеріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орман қорын күнделікті патрульдеу және табиғи өрттерді жедел сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің авиациялық техникасын орналастыру жүргізіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТЖМ сәуір айынан бастап ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеруде. Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресеймен шектес өңірлерінің (Астрахань, Омбы, Орынбор – 2, Волгоград, Челябі, Новосибирск, Тюмень, Қорған, Омбы облыстары және Алтай өлкесі) ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп, 9 тактикалық оқу-жаттығу жоспарланды. Онда негізгі тактикалық тәсілмен қатар трансшекаралық өрттерді жою кезінде өрттен құтқару қызметтерінің мемлекеттік шекарадан жеңіл өту тәртібі пысықталатын болады», - дейді ТЖМ-ның Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, елдің орманды дала алқаптарында профилактика шараларын жүргізу үшін ТЖМ-мен Мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі өкілдерінін тұратын мобильді топтар құрылды.

«Бұл топтар 1 сәуірден бастап 805 рейд жүргізіп, 286 азаматты жауапқа тартты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар