ТЖМ: Суға кеткен балалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде балалардың суға кетуінің негізгі себебі ата-ананың қараусыз қалдыруынан болып отыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су айдындарында балалардың қаза болу жағдайының 82%-ы ата-аналардың қараусыз қалдыруы салдарынан болып отыр. Биыл ең көп суға кету деректері тіркелген аймақтарға тоқталсақ, алдымен Алматы облысы – 45 адам, оның ішінде 12 бала, екінші кезекте Шығыс Қазақстан облысы – 36 адам, оның ішінде 10 бала судан ажал құшты. Адамдардың суға кетіп қайтыс болуының негізгі себептеріне тоқталып өтсем. Шомылу кезінде күші мен қабілетін бағаламау – 141 жағдай, мас күйінде шомылу – 65 жағдай, суға құлау – 57 жағдай, жүзе алмау – 30 жағдай, балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу – 12 жағдай, суға батып жатқан адамдарды құтқару кезінде-12 жағдай және жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу - 7 жағдай», - деді деді Қанат Тұрысбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, басқарма басшысының мәлімдеуінше, шомылу маусымы аяқталса да су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактика жалғасып жатыр. Себебі елімізде күзгі аң және балық аулау маусымы басталады.

Бұған дейін ТЖМ өкілі шомылу маусымының қорытындысымен таныстырды. Өкінішке қарай, биыл 319 қазақстандықтың ажалы судан келді.


Соңғы жаңалықтар