ТЖ: Қазақстанға кіргізілмеген шетелдік мамандарды алмастыратындар іздестірілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға кіруі шектелген қытайлық жұмысшылардың орнына жергілікті тұрғындардан мамандар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар мемлекеттен шетелдік жұмысшылардың елімізге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты жоғары білікті мамандарды ауыстыру үшін жергілікті еңбек нарығында іздестіру (мамандарды) жалғасады. Мысалы қазіргі уақытта КРІ жобасында барлығы 397 қытай азаматы жұмыс атқаруда. Енгізілген шектеуге байланысты 161 қытайлық азамат ҚХР-дан кіргізілмеді. Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау үшін Энергетика министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Атырау облысының әкімдігімен, «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірге ол мамандарды жергілікті персоналмен ауыстыру бойынша шараларды әзірледі», - деді Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Атырау облысының әкімдігі мен КРІ мамандарының қатысуымен жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Осы комиссияның жұмысына байланысты 50-ге жуық азамат жұмысқа орналастырылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар