ТЖ: Әділет министрі сот орындаушыларынан жұмысты тоқтатпауды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот орындаушыларына арналған электронды жүйе іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз маслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот орындаушыларына жұмысты тоқтатпай, онлайн режимге көшуді ұсынамыз. Сот орындаушылары бұл жағдайға жақсы дайындалған. Оларға арналған электронды жүйе жұмыс істейді. Олар осы жүйе арқылы жұмыс істей алады. Сот орындаушылары медиатор ретінде шығып, екі тарапқа тиімді ортақ шешімге келуге қолғабыс ете алады», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев сот орындаушыларына қашықтан жұмыс істеуге жағдай жасалғанын айтты.

«Біздің база арқылы қашықтан жұмыс істеуге болады. Базада орталық мемлекеттік органдардың 52 сервисімен және барлық екінші деңгейлі банк сервистерімен байланыс орнаған. Бұл сот орындаушыларының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді және қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар