Тыйым салынған балық аулау құралдары үшін жауапкершілік күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдану фактісі үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңнамаға браконьерлік үшін, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарын дайындау, пайдалану, сату, тасымалдау және сақтау үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде түзетулер әзірленді. Онда осы әрекеттер үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», - деді Н. Жүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек, балық аулауға тыйым салу мерзімдерін ауыстыру рәсімі оңайлатылды. Енді комитеттің аумақтық бөлімшелері балық аулауға тыйым салу мерзімін ауыстыру туралы жедел шешім қабылдауға мүмкіндігі бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында балық өсіру қай деңгейде артатыны айтылды.

Айта кетейік, «Су айдынын көбірек балықтандырсаң – көбірек квота аласың» қағидатына көшу бөлігінде квоталарды бөлу ережесіне өзгерістер енгізілді.


Соңғы жаңалықтар