+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда шағымдарды қабылдаудың бірыңғай жүйесі құрылады

2020 жылғы 18 наурыз 12:09
Бөлісіңіз:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда шағымдарды қабылдаудың бірыңғай жүйесі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін құрылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қарау кезінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Оның сөзіне қарағанда, заңнамалық өзгерістер «бір терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды ескереді.

«Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өз рөлі мен міндеттерін әркелкі түсінуі орын алуда. Бұл шынайы статистиканы қалыптастыруға, осы саладағы жүйелі проблемаларды анықтауға және шешуге мүмкіндік бермейтіндігі анық. Барлық «тұтынушылар қорғаушыларын» аталған ақпараттық жүйеге шоғырландыру – шағымдарды беру рәсімдерін оңтайландырып, оларды қарау сапасының мониторингін жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, объективті статистиканы қалыптастыра отырып, аналитикалық есептілік жүйесін енгізуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Шағымдарды талдау нәтижелері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте қаралатын болады. Ол проблемалық құқықтық актілерді дереу өзгертуге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Б. Сұлтанов тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағытына тоқталды.

«Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қолданысы кеңейтіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтарын қорғауға тегін өкілдік қызметтер көрсету үшін қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс берілетін болады. Бұдан басқа, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне профилактикалық мақсатта қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша құзыреті беріледі. Оны өткізудің тәртібі мен негіздері регламенттелген», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Адам құқығы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT