Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Бек Эйрді тағы да сотқа берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына Бек Эйр әуекомпаниясының үстінен талап арыз берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне Бек Эйр әуекомпаниясы бұзған тұтынушылық құқықтарын қалпына келтіру туралы 420 адам өтініш жасады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 31 қаңтарында Комитет әуекомпанияның үстінен Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген.

Алайда, 2020 жылдың 20 ақпанында алдын ала сот отырысында, істі соттылығы бойынша Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына беру туралы сот ұйғарымы шықты. Бірақ Комитет сот шешімімен келіспейді. 2020 жылдың 21 ақпанында осы ұйғарымға жеке шағым берілді.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерінің тұрақты түсуіне байланысты және соттың талап арызды қарауы мақсатында Комитет мүмкіндігінше қысқа мерзімде Бек Эйр әуеакомпаниясына Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына екінші талап арыз берді. Талап 2020 жылдың 21 ақпанында 360 адамды қорғауға берілген, осы соттың алдын ала сот отырысы 2020 жылдың 30 наурызына тағайындалған.

Комитетке күн сайын сатып алынған билеттер үшін ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша 20-дан астам өтініш келіп түседі. Жаңа өтініштер барлық қажетті растаушы құжаттардың болуы мәселесіне қарастырылуда. Қажетті талаптарға сәйкес келген жағдайда өтініштер талап арызға толықтыруларға енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар