Тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін 14 млрд теңге қарыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін 14 млрд теңге қарыз. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қыркүйегінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды 4 өңірде ең көп дебиторлық берешек бар», - деді министр.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру іс-шаралар қабылданғанын айтты.

«Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсынымдар әзірледі. Осы ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар