Тұтынушылар бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу құзыреті беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу құзыреті беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері көзделген заң жобасын таныстырған ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдар белсенді тарату қарастырылады. Сонымен қатар оларға қолдау көрсетіледі.

«Бұзылған құқықтарды толыққанды қалпына келтіру мақсатында тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне екі жақты келісім болған жағдайда моральдық зиянды өтеуді жүзеге асыру құқығы беріледі. Шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторийді ескере отырып, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу бойынша құзыретін беру көзделеді. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарына өз құқықтарын қорғауға тегін өкілдік қызметтер көрсету және оларға кеңес беру үшін қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берілетін болады», - деді ол.

Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов аталған заң жобасына Мәжілісі депутаттары тарапынан бірқатар түзету енгізілгенін айтты.

«Олар - қоғамдық бірлестіктерге дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері ретінде қызмет етуге мүмкіндік беру, ведомствоаралық кеңесті Үкімет деңгейіне шығару бойынша түзетулер. Енгізілген түзетулердің бір тобы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының бақылаусыз өсуіне жол бермеуге бағытталған», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар