Тұрсынбай Құлахмет WBC International титулы үшін айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1КО) бірінші орта салмақтағы WBC International вакантты атағы үшін жеңіліп көрмеген британдық Маколей Макгоуэмен айқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпқой боксының ВКонтакте парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, жекпе-жек 11 қараша күні Ұлыбританияның Уэйкфилд қаласында, Production Park Studios аренадағы MTK Fight Night бокс кеші аясында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынбай Құлахмет кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 23 тамыз күні Алматыда өткізіп, онда отандасы Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4КО) уақытынан бұрын жеңген еді.



Соңғы жаңалықтар