Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Маңғыстауда 167 отбасы полиция есебінде тұр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда 167 отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша полицияның есебінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың мәліметінше, отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі.

Тұрмыстық кикілжің салдарынан зейнеткерлер де зардап шегеді.

«Көбіне отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары дене жарақатын алады. Моральдық зиян шегедді. Бүгінде аумақтық ішкі істер органдарында 167 отбасы есепте тұр. Осы жылдың 11 айында 2 441 қорғау ұйғарымы шығарылды. Полиция қызметкерлері мұндай отбасылардың жағдайын қалыпқа келтіріп, заңсыз әрекеттердің қайталануына жол бермес үшін үнемі қадағалап отырады. Әсіресе, отбасы жағдайындағы құқық бұзу фактілерінің алдын алу, тұрмыс саласындағы қылмысты болдырмас үшін профилактикалық шаралар көптеп ұйымдастырылады», -деді ол.

Маңғыстауда полиция департаментінің әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 35-шағынауданда орналасқан «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек орталығына жүгінуге болады.


Соңғы жаңалықтар