«Тұрмыс» іс-шарасы: 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасы барысында 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі 9 маусымнан бастап «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасын бастады. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және оларға қарсы тұруға бағытталған. Профилактикалық іс-шараларға 7 мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері тартылды», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, операцияның 5 күні ішінде есепте тұрған 30 мыңнан астам адамның тұрғылықты жеріне барып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім 5 мың адам, оның ішінде 424 маскүнем, 99 нашақор және 498 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды.

«Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 5 мыңнан астам хабарламалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы өтініштер тіркелді. Аталған өтініштер бойынша 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылып, бір қылмыстық іс есепке алынды. «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы маусым бойы өткізіледі», - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар