Түрмеде медқызметкерлердің жетіспеушілігі проблемасы шешіледі - Жанат Ешмағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың басында түрмелердегі медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі проблемасы шешіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мен медициналық құрал-жабдықтардың ескіруі сынды проблеманың бар екендігін мойындауымыз қажет. Себебі белгілі - төмен жалақы, тұрғын үй жағдайының болмауы. Мүдделі органдармен бірлесіп, бұл мәселе пысықталды және келесі жылдың басында осынау проблема шешіледі», - деді Жанат Ешмағамбетов.

Оның атап өтуінше, медициналық құрал-жабдықтар осыдан 7-8 жыл сатып алынған.

«Медицина бір орында тұрған жоқ және қазіргі жарақтандырылған құрал-жабқытар техникалық тұрғыда ескірді және жаңартуды қажет етеді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігін ескере отырып, жергілікті бюджеттердің қосымша қаражаттарын пайдалау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Өйткені, көп жағдайда жазасын өтеп жатқан тұлғалар сол өңірлердің тұрғындары саналады», - деді комитет төрағасы.


Соңғы жаңалықтар