ТҮРКСОЙ-да Әзербайжан халық жазушысының кітабы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында Әзербайжан халық жазушысы Анар Рзаевтың 80 жасқа толуына орай, түрік тілінде шыққан «Менің замандастарым» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шарада сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ бас хатшысы  Дүйсен Қасейінов атап өткендей, ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың бауырластық байланыстарын нығайту және әлемдегі түркі мәдениетін ілгерлету үшін жұмыс істеп жатыр.

«Түркі республикаларының қазіргі заманғы жазушылары мен ақындары өз шығармаларында тарих пен осы дәуірді шеберлікпен бейнелеп, ортақ мәдени болашағымызды қалыптастыруда. Анар - түркі әлемінің танымал жазушысы. Оның туындылары түркі халықтарының және басқа да көптеген тілдерге аударылған», - деп атап өтті Дүйсен Қасейінов
null

Шараға Түркия Республикасы президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түркиядағы Әзербайжан елшісі Хазар Ибрагим, Әзербайжан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Чингиз Абдуллаев, жазушы Эльчин Хусейнбейли, Первин Нуралиева, Осман Чевиксой, «Менің замандастарым» кітабын түрік тіліне аударған жазушы Имдат Авшар қатысты.

nullӘзербайжан жазушылар одағының басшысы, халық жазушысы Анар (Анар Рзаев) Түркітілдес елдер жазушылар одағының алғашқы төрағасы болған. Жазушының шығармалары желісі бойынша 12 фильм түсірілген.

nullnull

Соңғы жаңалықтар